Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Беларусь қамауындағы журналистерді босатуға шақырды


Баспасөз еркіндігін қорғаушы топтар Беларусьті қамаудағы ондаған журналисті босатуға шақырды. Осыдан екі апта бұрын президент Александр Лукашенко қайта сайланған соң наразылық шарасы барысында бірқатар журналистер тұтқындалған болатын.

Халықаралық баспасөз институты, оның Оңтүстік және Шығыс Еуропа бойынша ұйымы Беларусьте журналистердің қамауға алынуына байланысты алаңдаушылық танытты. Нью-Йорктегі Журналистерді қорғау комитетінің мәліметінше, кемінде 22 журналист желтоқсанның 19-ынан бері қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG