Accessibility links

Иранның соңғы шахының ұлы өзін-өзі өлтіргені хабарланды


Иранның соңғы шахының АҚШ-та тұрып жатқан кенже ұлы Алиреза Пехлевидің өзін-өзі өлтіргені туралы хабар оның ағасы, шахтың үлкен ұлы Резаның интернет сайтында жарияланды. Резаның айтуынша, 44 жастағы Алиреза күйзеліске тап болған.

«Бостон глоб» газетінің жазуынша, Алиреза Пехлевидің өлі денесі Бостон қаласындағы өз үйінде табылған. Полиция ханзаданың өзін-өзі атып өлтіргенін хабарлады.

Иранның соңғы шахы, 1979 жылғы ислам төңкерісінен соң биліктен айырылып, елден қашуға мәжбүр болған Мохаммад Реза Пехлеви бір жылдан соң Египетте рак дертінен қайтыс болған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG