Accessibility links

АҚШ-та Майкл Джексонның дәрігеріне қарсы сот басталды


Лос-Анжелесте әйгілі әнші Майкл Джексонның бұрынғы жеке дәрігері Конрад Мюррейдің ісі бойынша алдын-ала сот тыңдауы өтті. Оған «байқаусызда кісі өлтірген» деген айып тағылып отыр.

Майкл Джексон 2009 жылы маусымда қайтыс болған. Оның ажалы седативтік дәріні артық пайдаланудан болған деген қорытынды жасалды. Әншіге бұл дәріні егуді тағайындаған кардиолог дәрігер Конрад Мюррейге «Майкл Джексонның ес-түссіз жатқанын көре салысымен бірден жедел жәрдем шақырмаған» және «Джексон жатқызылған аурухана дәрігерлеріне әншінің «Пропофол» препаратын қабылдағанын айтпай, жасырып қалған» деген айыптар тағылып отыр. Мюррей өзін кінәсізбін деп санайды.

Егер сот оны айыпты деп тапса, Конрад Мюррей төрт жылға дейінгі мерзімге бас еркіндігінен айрылуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG