Accessibility links

Тәжікстанда бүлікшілер басшысы өлтірілді


Тәжікстан билігі елдің шығысында былтырғы қыркүйек айынан бері бүлікшілер тобына қарсы жүргізілген арнайы операцияның сәтті аяқталғанын мәлімдеді.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, сейсенбі күні үкімет жасағымен болған атыс кезінде бүлікшілер тобының жетекшісі, «Али Бедаки» аталып кеткен Аловиддин Давлатовпен бірге жеті бүлікші жер жастанып, бірнеше адам қолға түскен.

Рашт жазығында өткен жылдың қыркүйегінде үкімет әскеріне қарсы қарулы шабуыл жасап, 20 адамды өлтірген бүлікшілердің көзін жою мақсатында арнайы операция басталған болатын. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қыркүйек айынан бері Рашт аймағында 100-ге жуық адам қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG