Accessibility links

Ақтөбе облысында кеніште вагон өртеніп, бір адам қаза тапты


Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы «Северная трува» кенішіндегі жұмысшылар тұратын вагоннан шыққан өрттен бір адам қаза болып, бір кісі жарақатпен ауруханаға түскен. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Сейсенбі күні таңғы сағат 4 шамасында шыққан өрт үш сағаттан кейін сөндірілген. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт болған жерден 1978 жылы туған, аудармашы болып істеген адамның сүйегі табылған. Ал ыс тиген 40 жастағы технолог ауруханаға жеткізілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG