Accessibility links

Ауған билігі ірі шабуылдардың алдын алғанын хабарлады


Ауған ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, қауіпсіздік күштері соңғы апталарда ірі шабуылдарды жүзеге асырмақ болды деп айыпталған 7 бүлікшіні қамауға алған.

Ұлттық қауіпсіздік бөлімінің баспасөз хатшысы Лутфуллаһ Машалдың айтуынша, айыпталушылар вице-президент Мохаммад Касим Фахимге шабуыл жасамақшы болған және Кабулда жанкештілік жарылыстарды жүзеге асыруды жоспарлаған. Алайда Машал әлгі азаматтардың қайда және қашан қамауға алынғандарын айтпады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG