Accessibility links

Өзбекстаннан шығу визасын ала алмаған белсенді министрлікті сотқа берді


Адам құқын қорғаушы белсенді Өзбекстанның ішкі істер министрлігін елден шығу визасын бермегені үшін сотқа берді деп хабарлайды Азаттық радиосының өзбек қызметі.

37 жастағы Дмитрий Тихонов 2010 жылы Өзбекстаннан шығу визасын алу үшін екі рет құжаттарын тапсырған. Алғаш ол зоолог ретінде Африкаға шақырылған, ал екінші рет Германиядағы бауырына бармақ болған. Бірақ билік орындары себебін түсіндірмей, оған шығу визасын беруден бас тартқан.

Тәуелсіз адам құқын қорғаушылар альянсының мүшесі Тихонов өзі туып-өскен Ангрен қаласындағы адам құқының бұзылуын, жемқорлыққа қатысы бар билік орындарын сынап келген.

Бұрынғы Совет республикаларының арасында тек Өзбекстанда ғана шығу визасы тәртібі сол күйінде қалған.
XS
SM
MD
LG