Accessibility links

Пенджаб әкімі жерленді


Пәкістандағы Пенджаб өлкесінің әкімі Салман Тасир бүгін Лахор қаласында жерленді. Биліктегі "Пәкістан халқы" партиясының мүшесі Тасирді сейсенбі күні өз күзетшісі атып өлтірген. Тасир - елдегі ең либерал саясаткерлердің бірі болған. Оның жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды. Оған премьер-министр Юсуф Раза Гилани мен бірнеше министр де қатысты.

Алайда бірқатар діни жетекшілер Тасирді өлтірген азаматты мадақтап, аза тұту күндеріне бойкот жариялауға шақырды. Әкім Салман Тасирге жасалған қастандыққа қатысты тергеу ісі басталды.
XS
SM
MD
LG