Accessibility links

БҰҰ Кот-д’Ивуарға қосымша бітімгершілік жасағын жіберуі мүмкін


Кот-д’Ивуарға тағы да екі мыңға жуық бітімгершілік күшін жіберу туралы өтініш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жолданбақ.

Бұл туралы сәрсенбі күні БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары жөніндегі басқарма басшысы Ален Ле Руа мәлімдеді. «Жақын бірнеше аптада қосымша бітімгершілік күштері Кот-д’Ивуарда оппозиция лидері Алассан Уаттара мен оның жақтастарын өз қорғауына алады» деп үміттенеді Ален Ле Руа.

Халықаралық қауымдастық қараша айында Кот-д'Ивуарда өткен президент сайлауында оппозициялық үміткер Алассан Уаттара жеңіске жетті деп санайды. Бірақ соңғы он жыл бойы елді басқарған Лоран Гбагбо сайлауда жеңілгенін мойындаудан бас тартып, биліктен кетпей отыр.

Елде саяси жағдай шиеленісіп, Гбагбо мен Уаттараның жақтастары арасында болған қақтығыстардан ондаған адам мерт болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG