Accessibility links

АҚШ-та мектепте болған атыстан бір адам қаза тапты


Сәрсенбі күні АҚШ-тың Небраска штаты Омаха қаласындағы мектептердің бірінде қаруланып келген бозбала жұртқа қарсы оқ атты.

Полиция өкілі Джей Беттин төтенше оқиға кезінде ешбір оқушының зардап шекпегенін, алайда екі ересек адамның жараланғанын хабарлады.

Кейін мәлім болғанындай, ауыр жараланған екі адамның бірі - мектеп директорының орынбасары көз жұмған. Оқ тиген екінші адам - осы мектептің директоры.

Полицияның хабарлауынша, мектепке қарулы шабуыл жасады деген күдікке ілінген 17 жастағы Роберт Батлердің өлі денесі көшеде тұрған автокөліктен табылған. Өзін-өзі атып өлтірген күдікті соңғы екі айда осы мектепте оқыған екен.
XS
SM
MD
LG