Accessibility links

АҚШ Мексика шығанағындағы апатқа қатысты тергеу нәтижесін жариялады


АҚШ-тағы президент комиссиясының айтуынша, BP компаниясы мен оның серіктестерінің жүйелі түрде ақша үнемдеу жөніндегі шешімдері Мексика шығанағындағы мұнайдың төгілуіне себеп болған. Сәрсенбі күні аталмыш комиссия өткен жылғы апатқа қатысты тергеу қорытындысын жариялады.

Сәуірдің 20-сындағы мұнай ұңғымасындағы жарылыстан 11 адам қаза тауып, бірнеше ай бойы Мексика шығанағына миллиондаған баррель мұнай аққан болатын. Бақылаушылар оны Америка тарихындағы ең ірі экологиялық апат деп сипаттаған еді.
XS
SM
MD
LG