Accessibility links

Білім министрі Қазақстанда 50 университет болуын қалайды


"КазТАГ" агеніттігінің хабарлауынша, Қазақстанның білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов елдегі 140 университеттің елуі қалуы тиіс деп ойлайтынын жеткізді. Бұл туралы ол бейсенбі күні Сенатта "Ғылым" туралы заң жобасының таныстырылымы барысында мәлімдеді.

"Қазіргі кезде 140 университет бар. Меніңше, Қазақстанда шамамен 50 университет пен 30-ға жуық институт болуы тиіс. Қалғандары академиялар болуы керек. Олардың саны 100-ден аспауы тиіс", - деді Жұмағұлов.
XS
SM
MD
LG