Accessibility links

Назарбаев парламенттің референдум өткізу туралы ұсынысын қабылдамады


Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің президент өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі ұсынысын қабылдамады.

Президент Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Қазақстан Парламентінің ұсынысын қабылдамау туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл турасында қаңтардың 7-сінде ресми БАҚ хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, Қа­зақстан Республикасы Парламентінің бастама­шы­лы­ғымен жасалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Қазақ­стан Республикасы Парламентінің ұсынысы қабылданбасын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" делінген құжатта.

Қаңтардың 6-сында парламент Сенаты аталған ұсынысты президент қарауына жіберген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG