Accessibility links

Клинтон Беларусь белсенділерімен кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Беларусьтегі адам құқығын қорғаушы белсенділермен кездесіп, таяуда өткен президент сайлауын және оппозициялық тұлғалар мен саяси жетекшілердің қудалануын талқылады.

АҚШ Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Клинтон бейсенбі күні Вашингтонда беларусь құқық қорғаушыларымен, атап айтқанда, "Біздің есімізде" атты ұйымның президенті Ирина Красовскаямен, Беларусьтегі "Еркін театрдың" негізін қалаушы Наталия Колядамен және тағы басқа белсенділермен кездескен. АҚШ мемлекеттік хатшысы Беларусьтегі президент сайлауының барысы мен елдегі саяси жетекшілердің қудалануын айыптады.
XS
SM
MD
LG