Accessibility links

Иранның реформашыл бұрынғы министрі өзінің тұтқындалмағанын айтты


Иран ақпарат агенттігінің хабарлауынша, реформашыл бұрынғы министр өзінің қамауға алынбағанын мәлімдеді.

Жұма күні таңертең оппозициялық вебсайттар Иранның бұрынғы реформашыл президенті Мохаммад Хатамидің билігі кезінде білім министрі болған Мортеза Хажи тұтқындалып, Теһранның "Эвин" түрмесіне әкетілді деп хабарлаған болатын. "ИЛНА" агенттігінің мәліметінше, Хажи бұл хабарды жоққа шығарған.

Мортеза Хажи президент Махмұд Ахмадинежад қайта сайланған соң елдегі наразылық шарасынан кейін 2009 жылдың желтоқсан айында қамауға алынып, екі аптадан кейін босатылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG