Accessibility links

АҚШ шетел үкіметтеріне "Уикиликстегі" бұлақтарға қатысты ескерту жасады


АҚШ мемлекеттік департаменті шетел үкіметтерін WikiLeaks жариялаған мәліметтерге сәйкес америкалық ресми өкілдермен араласқан адам құқығын қорғаушы белсенділерден, журналистерден және тағы басқаларынан өш алмауға шақырды.

Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысы Филип Кроули жұма күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде егер шетел үкіметтері құпия мәліметтерде бұлақ ретінде көрсетілген адамдарға дұшпандық жасаса, олардың АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастары нашарлауы мүмкін деп атап көрсетті. Кроулидің айтуынша, бұл жөнінде нақты бір мемлекеттерге ескерту жасалған. "Қараша айында WikiLeaks АҚШ-тың құпия дипломатиялық мәліметтерін жариялаған соң кей тұлғалар қауіпсіздеу жерлерге көшірілді", - дейді Кроули.

Оның мәлімдеуінше, WikiLeaks жариялаған ақпараттардан кейін бүкіл әлем бойынша жүздеген адамға қауіп төнген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG