Accessibility links

Чили Палестинаны тәуелсіз ел деп мойындады


Чили Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп мойындады. Сыртқы істер министрі Алфредо Мореноның мәлімдеуінше, жұма күні Чили үкіметі Палестинаны "азат, тәуелсіз және егемен ел" деп мойындау туралы қарарды мақұлдаған.

2009 жылы Венесуэла, ал желтоқсан айында Бразилия, Аргентина, Боливия және Эквадор Палестина мемлекетін мойындаған болатын. Осылайша бүкіл Оңтүстік Америка елдері Палестинаны қолдап отыр. Соңғы 20 жылдан астам уақыттан бері 100-ге жуық ел Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп мойындауды ұсынып келеді.

Израиль мен оның одақтасы АҚШ бұл шешімдерді айыптап, Палестина мемлекеті мәселесі тек Израиль мен палестиналықтардың келіссөздері нәтижесінде ғана шешілуі тиіс деп атап көрсетті.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG