Accessibility links

АҚШ Пәкістанға көбірек көмектесуге әзір


"Вашингтон пост" баслымының хабарлауынша, Обама әкімшілігі аймақта тұрақтылық пен бейбітшілік орнату мақсатында Пәкістанға әскери, барлау және қаржы саласында көбірек көмек көрсетуді жоспарлап отыр. АҚШ ресми өкілдерінің айтуынша, вице-президент Джо Байден алдағы аптада Пәкістанға барып, көмек көрсету ұсынысын талқылайды. Аталмыш басылымдағы хабарға қарағанда, Байден Пәкістанның әскери қолбасшысы генерал Ашфак Каяни мен тағы ресми өкілдерінен ұзақ мерзімді стратегиясын түсіндірулерін сұрамақшы. Нақтырақ айтқанда Байден Пәкістанның "Талибанға" қарсы күресте қандай көмекке мұқтаж екенін білмекші.

"Вашингтон посттың" мәліметінше, президент Барак Обама мен оның ұлттық қауіпсіздік бойынша бас кеңесшілері АҚШ-тың құрлықтағы әскерлерінің Пәкістанда рейд жүргізуіне мұрсат етілуі тиіс деген ұсынысты қабылдамаған. АҚШ ресми өкілдері "Пәкістанды алшақтатқысы келмейді" делінген басылымда.
XS
SM
MD
LG