Accessibility links

Әл-Садр ирақтықтарды жаңа үкіметті қолдауға шақырды


Ирақтағы шииттердің көсемі Моқтада әл-Садр өз қолдаушыларынан елдің жаңа үкіметіне мүмкіндік беруді сұрады. Бұл туралы ол Ираннан еліне оралған соң жасаған мәлімдемесінде айтты.

Моқтада әл-Садр сенбі күні Нажаф қаласында сөйлеген сөзінде егер үкімет халықты қолдамаса, оны тек "саяси құралдармен ғана" шешуге болады деп атап көрсетті. Ол өз қолдаушыларын АҚШ-қа және "Ирақты басып алушыларға" қарусыз қарсылық көрсетуге шақырды.

Осыдан 4 жыл бұрын Иранға кетіп қалған әл-Садр сәрсенбі күні еліне оралды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG