Accessibility links

Мексикада екі күнде 27 адам есірткі қақтығысының құрбаны болды


Мексиканың курортты қаласы Акапулькода соңғы екі күнде есірткі таратушы топтың қақтығысы 27 адамның өмірін қиды.

Жұма және сенбі күндері бұл аймақтағы дүкендер орталығы маңынан 15 кісінің мәйіті табылған. Құрбандардың бәрі - ер адамдар. Олардың денелерінен ықпалды есірткі баронының ескертуі табылған.

Полиция наркомафия қақтығысынан қаза тапқан одан басқа 12 адамның мәйітін сенбі күні тапқан.

Аймақта 2006 жылдан бері есірткі қақтығысынан қаза тапқандар саны 30 мыңнан асып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG