Accessibility links

АҚШ Уикиликске қатысты сотқа Туиттерді де шақырды


АҚШ Уикиликспен байланысты адамдардың жеке мәліметтері үшін әлеуметтік желілердің бірі - Туиттерді сотқа шақырды.

Вирджиния штатындағы аудандық сот Туиттерден оған тіркелген адамдардың мекен-жайы, телефон байланыстары және төлемдер туралы ақпараттарын білгісі келеді.

Жексенбі күні Уикиликс сайты "енді тіркелген адамдар туралы мәлімет алу үшін америкалық сот Гугл мен Фэйсбукті де тергеуге шақыруы мүмкін" деді.

Уикиликс сайты қараша айында АҚШ дипломаттарының жасырын ақпараттарын қоғамға жариялап, Ирақ пен Ауғанстандағы соғысқа қатысты құпия мәліметтерді ашып, АҚШ үкіметінің наразылығын тудырған.
XS
SM
MD
LG