Accessibility links

Құқық қорғаушылар Назарбаевтан өзбек босқындарына араша түсуді сұрады


Өзбек босқындарын құтқару комитеті Алматының тергеу абақтыларында отырған өзбек босқындарын ауруханаға жатқызуға жәрдемдесуді сұрап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш жасады.

Қоғамдық комитеттің хабарлауынша, қамаудағы үш босқынның денсаулығы аса ауыр халде, олар шұғыл дәрігерлік көмекке мұқтаж.

Былтыр маусым айында Алматыда ұсталып, қамауға алынған бұл босқындарды Қазақстан үкіметі Өзбекстанға экстрадицияламақшы. Ал құқық қорғаушылар Өзбекстан билігі бұл босқындарды жазықсыз жазалап, азапқа салатынын айтып, оларды Отанына қайтармауды сұрайды.
XS
SM
MD
LG