Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Бейжіңде келіссөздер өткізді


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс бүгін Бейжіңде ресми қытай билігімен келіссөздер өткізді.

Гейтс өзінің бұл сапарын Қытай мен АҚШ арасындағы әскери байланыстарды қалпына келтіруге деген ниеттің дәлелі ретінде сипаттады. Былтыр АҚШ-тың Тайваньға қару-жарақ беруіне ресми Бейжің қарсы болған соң, АҚШ пен ҚХР арасында әскери саладағы байланыс тоқтап қалған.

Бейжіңнің әскери қуатының күшейіп келе жатқанына алаңдап отырған Вашингтон қытай армиясы жайлы ақпарат алғысы келеді.

Алдағы аптада ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао АҚШ-қа ресми сапармен бармақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG