Accessibility links

Иранда құқық қорғаушы 11 жылға түрмеге жабылды


Иран соты белгілі құқық қорғаушы, заңгер Насрин Сотудехті 11 жылға түрмеге жапты. Оның күйеуі Реза Ханданның айтуынша, Сотудехтің 20 жыл бойы елден шығуына, заңгер ретінде жұмыс істеуіне де тыйым салынған.

Насрин Сотудех ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет етіп, билікке қарсы үгіт-насихат жүргізді және Нобель сыйлығының иегері Ширин Ебадидің "Адам құқын қорғаушы орталығына" мүше болды деп айыпталған.

Негізінен Сотудех 2009 жылғы даулы президенттік сайлаудан кейін қамауға алынғандардың құқын қорғаған және шетелдік баспасөзге сұқбат берген деп айыпталған. Екі баланың анасы Насрин Сотудех қыркүйек айынан бері қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG