Accessibility links

Пенджаб басшысын атып өлтірген оққағар өз бетінше қимылдағанын айтады



Пәкістан полициясының хабарлауынша, Пенджаб провинциясының басшысын атып өлтірген оның жандары Малик Мумтаз Хуссейн Қадри ешкімнің нұсқауынсыз жалғыз әрекет еткенін айтқан.

Дүйсенбі күні Равалпинди қаласындағы сотта оққағар Пенджабтың губернаторы Салман Тасирді исламға тіл тигізгендерді өлім жазасына кесетін заңды реформалауға шақырғаны үшін өлтіргенін мойындаған.

Тасир мүшесі болған билік басындағы Пәкістан халық партиясы бұл өлімнің артында басқа астыртын әрекеттер болуы мүмкін деп, губернатордың қауіпсіздік қызметіне күдік келтірген.

Пәкістанда көптеген адам оққағар Қадриді қаһарман ретінде мадақтап жатыр. Жексенбі күні Карачиде 50 мың адам көшеге шығып, ислам дініне тіл тигізгендерді жазалайтын заңды реформаламауды талап етті.
XS
SM
MD
LG