Accessibility links

Бастамашыл топ 4,3 млн қол жинағанын айтты


Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билігін тағы 10 жылға ұзарту жөнінде референдум өткізуді ұсынған бастамашыл топ 4,3 миллион қол жинағандарын жариялады.

Бастамашыл топ жетекшісі Ерлан Сыдықовтың айтуынша, жиналған қол сейсенбі күні Орталық сайлау комиссиясына тапсырылмақ.

Сондай-ақ бүгін ҚазТАГ агенттігіне берген сұқбатында Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев:

«Президент сайлауға дайын. Бірақ парламент ветоны еңсеретін болса, президент референдум өткізуге де әзір. Ол әзірге сайлауға қатысам деген ниетте. Маған бұл туралы өзі айтты», – деген.

Өткен аптада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөнінде Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты референдум өткізу туралы ел парламентінің ұсынысын қабылдамай тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG