Accessibility links

АҚШ пен Ресей арасындағы ядролық келісім күшіне енді


АҚШ пен Ресей арасындағы азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бүгін өз күшіне енді.

Бұл келісімге сәйкес, АҚШ пен Ресей ядролық энергия технологиясын айырбастап, ядролық қаруды таратпау жолында тығыз жұмыс атқаруы керек.

Аталмыш келісімге 2008 жылдың мамыр айында Мәскеуде қол қойылған болатын. Алайда Грузиядағы қақтығысқа байланысты АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынастары шиеленісе түскендіктен бұрынғы президент Джордж Буш оны кейінге ысырып қойған болатын. АҚШ президенті Барак Обама биыл бұл келісімді қайта жандандырды.
XS
SM
MD
LG