Accessibility links

Иллинойс штатының сенаты өлім жазасына тыйым салуды қолдады


АҚШ-тағы Иллинойс штатының сенаты өлім жазасын алып тастауды қолдап дауыс берген соң құжат штат губернаторына қол қоюға жолданды. Өткен аптада осы штаттың Өкілдер палатасы да өлім жазасын жою туралы шешім қабылдаған.

Иллинойс штатында 2000 жылдан бері өлім жазасына уақытша мораторий жарияланған. Осыған дейін бұл штатта жүзеге асырылған өлім жазаларын тексеру нәтижесінде жазықсыз 20 адамға осындай үкім шығарылғаны анықталған.

2009 жылы Нью-Мексико штаты да өлім жазасына тыйым салған болатын.

Қазір АҚШ-тың 15 штатында және Колумбия федеральдық округінде өлім жазасын қолдануға тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG