Accessibility links

Бастамашыл топ референдум өткізуге келісім беруін сұрап, Назарбаевқа үндеу жолдады


Нұрсұлтан Наззарбаевтың президенттік өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу мәселесін көтерген бастамашыл топ сәрсенбі күні Астанада президентке үндеу жолдады.

«Біздің бастамамыз қоғамда айрықша серпіліс туғызды және бес миллионнан астам қазақстандықтар, яғни сайлаушылардың 55 пайызы референдум өткізуді қолдап өз қолдарын қойды. Бұл сіз жүргізіп отырған саяси бағыттың бүкілхалықтық қолдауға ие екенін барынша айқындылықпен дәлелдейді. Қазақстанның миллиондаған тұрғындары атынан бастамашыл топ сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, үндеу жасап, референдум өткізуге келісім беруіңізді сұрайды» делінген үндеуде.

Бастамашыл топ осы мазмұндас үндеуді ел парламентіне де жолдады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бастамашыл топ жетекшілері референдум өткізуді қолдаған бес миллионнан артық адамның қолын жинап, қаңтардың 11-і күні Орталық сайлау комиссиясына тапсырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG