Accessibility links

«Қазақстан - 2020» коалициясы құрылды


Биліктегі «Нұр Отан» партиясы «Қазақстан - 2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясын құру туралы бастама көтерді.

Бұл бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Жиында партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығметуллин коалицияның бағыт-бағдарына тоқталды.

Айтуынша, мұндай идея президент Назарбаевтың өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту мақсатынан туындаған. Осыған орай референдум өткізуге 5 миллионнан астам қолдың жиналуы коалицияның құрылуына себеп болған.

Нығметуллин елдегі саяси күштер мен үкіметтік емес ұйымдардың барлығын коалиция аясында топтасуға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG