Accessibility links

Кабулдағы жарылыстан 4 адам мерт болды


Ауғанстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бүгін Кабулдағы жанкештілік жарылыстан кемінде 4 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алған. Министрлік баспасөз хатшысы Земери Башаридің мәлімдеуінше, мотоцикль мінген жанкешті ауған қауіпсіздік күштерінің көлігі жанында өзін-өзі жарып жіберген.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті "Талибан" мойнына алып отыр. Президент Хамид Карзай ел астанасындағы жарылысты айыптады.
XS
SM
MD
LG