Accessibility links

Қырғызстанда Бакиевтің інісіне қатысты сот қайта басталды


Сәрсенбі күні Қырғызстанда бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің бауыры Ахмат Бакиевке қатысты сот процесі қайта басталды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Ахмат Бакиевке өткен жылдың маусым айында "жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, билік өкілдеріне қарсы күш қолданды, жерді заңсыз иеленді" деген және тағы басқа айыптар тағылып отыр. Ол маусымның 23-де Жалал-Абадта тұтқындалған болатын.

2010 жылдың маусым айында Ош пен Жалал-Абадта қырғыз және өзбек азаматтары арасындағы этникалық қақтығыстарда 400-ден астам адам қаза тауып, 2 мыңға жуық адам жараланған болатын.
XS
SM
MD
LG