Accessibility links

Кувейт премьері Бағдадта


Кувейт премьер-министрі Шейх Нассер Мохаммад әл-Ахмад әл-Сабах бүгін Бағдадқа барды. Бұл - 1990 жылдың тамыз айында Саддам Хуссейннің күштері Кувейтке басып кіргелі бері Кувейт премьер-министрі тарапынан Ираққа жасалып отырған алғашқы сапар. Сол кезде 7 айдан кейін халықаралық коалиция Ирақ күштерін Кувейттен шығарған болатын.

Ирақ Кувейтке әлі соғыс репарациясын, яғни өтемақыны төлеп келеді.

Әл-Сабахтың сапарынан екі күн бұрын Ирақ балықшылары мен Кувейт жаға күзетшілері арасында қақтығыс болып, Кувейт азаматы қаза тапты, ал Ирақ балықшыларының қайығы суға батты.
XS
SM
MD
LG