Accessibility links

Барак Обама Габриель Гиффордс жатқан ауруханада болды


АҚШ президенті Барак Обама Конгресс мүшесі Габриель Гиффордс жатқан Тусон қаласындағы ауруханада болды.

Өткен сенбі күні сол қалада сайлаушылармен кездесу кезінде Гиффордсқа қарсы қарулы адам оқ атқанын Азаттық радиосы бұған дейін хабарлаған. Басынан ауыр жараланған Конгресс мүшесі содан бері ауруханада жатыр.

Дәрігерлер Гиффордстың ес жия бастағанын хабарлағанымен, оның денсаулығы толық оңалар-оңалмасы белгісіз.
XS
SM
MD
LG