Accessibility links

Президентшіл «Әділет» партиясы «Нұр Отан» партиясының коалициясына кірді


Қазақстандағы президентшіл «Әділет» демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясының бастамасын қолдап, сол партия құрған коалицияға кірді.

«Біз алғашқылардың бірі болып «Қазақстан - 2020» коалициясына кіретінімізді мәлімдейміз», – деді бүгін «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев Алматыда журналистермен кездескенде.

«Әділет» партиясы ұлт көшбасшысы бүкіл Қазақстан халқын біріктіруші және партиялық жүйеден жоғары тұрған күш екенін ескере келе, барлық саяси партияларды және қоғамдық бірлестіктерді президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін созу жөніндегі референдумды қолдауға байланысты «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2020» атты демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясын құру туралы бастамасын қолдауды ұсынады», – делінген «Әділет» партиясы таратқан мәлімдемеде.

Бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызмет өкілетін ұзарту жөнінде референдум өткізуді қолдау мақсатында «Қазақстан - 2020» атты демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы құрылатынын мәлімдеп, елдегі барлық саяси-қоғамдық күштерді осы коалиция төңірегіне топтасуға шақырған.
XS
SM
MD
LG