Accessibility links

Беларусьтегі оппозиция мүшесінің әйелі Еуропаға жіберілмеді


Беларусь полициясы елдегі оппозиция мүшесінің әйелін Еуропаға жібермей қойды. Милана Михалевичтің айтуынша, бүгін таңертең Баранович облысындағы қауіпсіздік қызметкерлері оны Польшаға бара жатқан жолында тоқтатқан. Оппозициялық саясаткер әрі президент сайлауына үміткер ретінде түскен Алес Михалевичтің әйелі Беларусьтегі жағдайға қатысты конференцияға қатыспақшы болған.

Қамаудағы Алес Михалевичке желтоқсанның 19-да президент Александр Лукашенко қайта сайлануына қарсы "шерулер барысындағы тәртіпсіздіктерге жауапты" деген айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG