Accessibility links

"Алға" жетекшісі референдумды қолдаған халықтың қолын жариялауға шақырды


Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту жөніндегі референдумды қолдаған халықтың қолдарын жариялауға шақырды.

Президентке жолдаған ашық хатында Козлов Орталық сайлау комиссиясының қысқа уақытта азаматтардың қолын тексере алғандығына күмән келтірді.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Назарбаевтың президенттік өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу мәселесін көтерген бастамашыл топ жинап тапсырған бес миллионнан астам қолды тексеріп шыққанын хабарлады.

ОСК мәліметі бойынша, референдум өткізуді қолдаған 5 миллион 16 мың адамның, яғни елдегі барлық сайлаушылардың 55,2 пайызының қолы тексеріліп, жарамды деп танылған.

XS
SM
MD
LG