Accessibility links

ЕҚЫҰ төрағасы Литва мақсаттарын атап өтті


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығын алған Литва сыртқы істер министрі Аудрониус Ажубалис алға қойған мақсаттарымен таныстырды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Беларусьте аталмыш ұйымның кеңсесі жабылуға мәжбүр болған еді. Бүгін Ажубалис Беларусь билігін бұл шешімін қайта қарауға шақырды. Венадағы бұл еуропалық ұйым желтоқсанның 19-ында Беларусьтегі президент сайлауы бұрмаланды деп айыптаған соң Беларусь билігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минскідегі миссиясының мандатын ұзартудан бас тартқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG