Accessibility links

Бразилиядағы су тасқыны 400-ден аса адамның өмірін қиды


Бразилиядағы су тасқыны мен көшкін салдарынан кемінде 470 адам қаза болып, ондаған кісі хабарсыз кетті, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды.

Билік орындары су апатынан құрбан болғандар саны бұдан да көп болуы ықтимал екенін ескертті. Құтқарушылар шалғайдағы кейбір елді мекендерге әлі жете алмай отыр.

Бразилияда өткен апта соңында жауған қалың нөсер су тасқынына ұласып, кейбір өзендер арнасынан тасып, көшкін жүрді.
XS
SM
MD
LG