Accessibility links

Қорғаныс министрлігінің бірнеше қызметкері сотталды


Қазақстан қорғаныс министрлігінің бірнеше қызметкері бюджет қаржысын талан-таражға салған деген айып бойынша сотталды.

Бұл туралы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада "қорғаныс министрлігінің қызметкерлері жеке кәсіпкермен сыбайласып, әскери қызметшілердің тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бөлінген 500 миллион теңгеден астам ақшаны иемденіп кеткені үшін айыпты деп танылғаны" айтылған.

Әскери прокуратураның хабарлауынша, бұл іс бойынша барлығы 11 адам сотталған.
XS
SM
MD
LG