Accessibility links

Алматыда полиция оппозициялық газетті тәркіледі


Қаңтардың 14-іне қараған түні Алматыда полиция қызметкерлері «Голос Республики» басылымының 200 данасын себебін түсіндірместен тәркілеп, басылымның үш қызметкерін таң атқанша тергеген.

Осыған байланысты жұма күні арнайы мәлімдеме жасаған редакция ұжымы мұның себебін екі нәрсемен байланыстырады.

– Түнгі сағат 2-лерде біздің машинамызды жол полициясы тоқтатқан кезде бір адам келіп, газетімізді шолып қарады. Әлгі адам референдум жайлы мақалаға ерекше назар аударды. Екінші болжамымыз – бұл жолғы санда К+ телеарнасының жарнамасы шыққан болатын, – деді газеттің қаржы жөніндегі редакторы Сергей Зелепухин баспасөз мәслихатында.

Редакция өкілдерінің айтуынша, олар тек Алматы қаласы бойынша үш мың дана газет таратып үлгерген. Ал аймақтарға таратылуы тиіс он бес мыңнан астам газет тиражын редакция өкілдері әзірше таратпай отыр.

Жалпы тиражы 19 мың дана «Голос Республики» басылымын редакция кеңсе құралдары арқылы басып шығарады. Қазақстандық баспаханалар бұл газетті басудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG