Accessibility links

Жұмағали Ысмағұлов дүниеден өтті


Алматыда бүгін таңертең 83 жасқа қараған шағында ғалым, қарт журналист Жұмағали Ысмағұлов дүниеден өтті.

Жұмағали Ысмағұлов - 1986 жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының бас көтеруіне қатысқаны үшін жауапқа тартылған Қайрат Рысқұлбеков пен тағы үш жігітке үкім шығарылған кезде олардың сот залынан түсірілген суреттерін газетте жарияланғаны үшін 1987 жылы саяси қуғынға ұшыраған адамдардың бірі. Сол кезде үкіметке қарасты ҚазТАГ агенттігін басқарған Жұмағали Ысмағұлов та жұмыстан қуылған еді.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қаңтардың 17-сі күні сағат 10-да Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы театрда өтеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG