Accessibility links

Ауған шекарасынан атылған оқтан Пәкістанда 5 адам опат болды


Пәкістанның қауіпсіздік бойынша ресми өкілдерінің айтуынша, Ауғанстан шекарасына жақын жерде минометтен атылған оқтан кемінде 5 қарапайым азамат қаза тауып, бірнешеуі жараланған.

Шабуыл бүгін Солтүстік Вазиристанның Мир Али ауданындағы ауылда болған. Ресми өкілдердің айтуынша, оқ көршілес Ауғанстан елінің Хост өлкесінен атылған болуы мүмкін.

Кабулдағы НАТО баспасөз хатшысы бұл оқиғаның тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

АҚШ Солтүстік Вазиристанда Ауғанстандағы НАТО жетекшілігіндегі күштермен шайқасып жатқан бүлікшілердің штаб-пәтері орналасқан дейді. Вашингтон Пәкістанды бұл аймақта құрлықтағы әскери операцияларды бастауға шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG