Accessibility links

Тунис президенті келесі сайлауға түспейді


Тунис президенті 2014 жылғы сайлауға түспейтінін мәлімдеді. Бұл елде жалпыұлттық наразылық шаралары жалғасып жатыр.

Тунисті 23 жылдан бері басқарып келе жатқан Зин әл-Абидин бен Али наразылық танытушыларға оқ атуды тоқтатуға бұйрық берді. Президенттің айтуынша, қант, сүт және нан бағасы төмендетіледі.

Жұма күні Тунис астанасында полиция наразылық танытушыларға оқ атып, кемінде бір адамды өлтірді. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымның айтуынша, Тунисте бірнеше аптаға созылған толқулар барысында 60-тан астам адам қаза тапқан. Бұл елдегі наразылық шаралары жұмыссыздыққа қатысты басталған болатын.
XS
SM
MD
LG