Accessibility links

Беларусь Еуропа елдерін "Лукашенконы құлатпақ болды" деп айыптады


Беларусь Еуропа Одағына мүше Польша мен Германияны "желтоқсан айындағы наразылық шараларын ұйымдастыру арқылы президент Александр Лукашенконы биліктен құлатпақшы болды" деп айыптады.

Ресми "Советская Белоруссия" басылымының хабарлауынша, Германия мен Польшаның құпия қызметтері Лукашенконы құлату жоспарын ойластырған, ал Польша тіпті оппозициялық белсенділерді жаттықтырған. Аталмыш газеттің жазуынша, бұл жоспарды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырушылар мен технология және ақша Беларуське жіберілген.

Еуропа Одағына мүше елдер Беларусьте оппозицияның қудалануы мен жүздеген белсендінің тұтқындалуын айыптады. Желтоқсандағы сайлауда президент Лукашенко қайта сайланған соң Минскіде шерулер өтіп, жүздеген адам қамауға алынды. Олардың арасында президент сайлауына үміткер ретінде түскен тұлғалар да бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG