Accessibility links

ЕҚЫҰ: Референдум Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне қайшы


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқықтары бойынша кеңсесінің басшысы Қазақстан парламентінің президенттің өкілетін референдум арқылы ұзарту туралы Конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі шешіміне байланысты пікір білдірді.

Янез Ленарчичтің айтуынша, референдум ешқашан тұрақты сайлаудың орнын баса алмайды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту жөніндегі референдум өткізу ЕҚЫҰ мүшесі Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай келмеген болар еді деп атап көрсетті Ленарчич.

Жұма күні Астанада сенат пен мәжілістің бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан Конституциясына ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін республикалық референдум арқылы ұзарту және «Елбасы» ұғымы туралы өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді.

70 жастағы Назарбаев Қазақстанды 20 жылдан астам уақыттан бері басқарып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG