Accessibility links

Премьер: Тунис президенті елден шығып кетті


Тунис премьер-министрінің мәлімдеуінше, президент Зин әл-Абидин бен Али елді тастап шығып кеткен. Мухаммед әл-Ганнуши президент міндетін уақытша атқаратынын айтып, елдің Конституциясын құрметтеуге уәде етті. Сонымен қатар ол Тунисте тұрақтылық орнататынын атап көрсетті.

Жұма күні ішкі істер министрлігі алдында мыңдаған адам жиналып, 23 жылдан бері елді басқарып келе жатқан президент Зин әл-Абидин бен Алидің қызметінен кетуін талап етті. Тунистегі наразылық шарасы бірнеше аптаға жалғасты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG