Accessibility links

Әлемнің алпауыт елдері өкілдерін Иранға жібермеді


Иранның билік орындары шетел өкілдеріне елдегі ядролық нысандарды көрсетіп жатыр. Бірақ әлемнің кей алпауыт елдерінің өкілдері Иранға бармайтындарын айтты, қалғандары шақырылмады.

Ресей, Қытай және Еуропа Одағы Ирандағы екікүндік саяхатқа өкілдерін жібермеді. Хабарларға қарағанда, Түркия мен Бразилия да Иранның шақыртуынан бас тартқан. Ал АҚШ, Британия, Франция, Германия елдері Ирандағы "Натанз" зауыты мен Арактағы құрылысы аяқталмаған реакторды тамашалауға шақырылмаған.

Иранға өкілдерін жіберген елдердің қатарында Мысыр, Венесуэла, Куба және Сирия бар. Батыс елдерінің айтуынша, Ирандағы ядролық нысандарды Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мамандары тексеруі тиіс.
XS
SM
MD
LG