Accessibility links

Ертісбаев: Референдум наурызда өтуі мүмкін


Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың мәлімдеуінше, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумның өтуіне келісуге мәжбүр болады. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Ертісбаев "Конституция бойынша президент парламентті таратып, жаңа парламенттік сайлауды тағайындай алады, бірақ мемлекет басшысы мұндай жолмен бармайтын шығар" деген. Сонымен қатар Ертісбаев референдум наурыз айында өтуі мүмкін деп атап көрсетті.

Жұма күні Қазақстан парламентінің қос палатасы бірлескен сессия өткізіп, конституцияға президент Назарбаевтың өкілетін саяси сайлаусыз ұзартып отыруға негіз болатын өзгерістер енгізді.

АҚШ үкіметі президент билігі референдум арқылы ұзарып жатса, мұның Қазақстан үшін демократиялық тұрғыдан алғанда "кері шегініс" болатынын ескертті.

Назарбаев Қазақстанды 20 жылдан астам уақыттан бері басқарып келеді.
XS
SM
MD
LG