Accessibility links

Карачиде 17 адам оққа ұшты


Пәкістан полициясының хабарлауынша, Карачиде белгісіз біреулер кемінде 17 адамды атып өлтірген. Қалалық полиция басшысы Фаяз Легаридің мәлімдеуінше, соңғы үш күнде болған шабуылдардан қаза болғандардың арасында жергілікті журналист бар.

Талдаушылар мен қауіпсіздік бойынша ресми өкілдердің айтуынша, Карачидегі зорлық-зомбылық әрекеттеріне елдегі екі негізгі партия - "Муттахида Кауми қозғалысы" мен "Ауами ұлттық партиясы" - арасындағы бәсекелестік себеп болып отыр. Аталмыш партиялар биліктегі коалицияға кірген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG